«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы Ақжайық ауданынан қарасты Базаршолан ауылында мобильді қабылдау өткізіп, елді мекенді аралап, жұрттың тыныс-тіршілігімен танысты.
Мобильдік қабылдауда талқыланған мәселелер
616
оқылды

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы Ақжайық ауданынан қарасты Базаршолан ауылына жұмыс сапарымен барды. 

Сапар барысында ол Ғ.Махамбетов атындағы жалпы орта мектептің жұмысымен танысты. Аталмыш білім ордасына жөндеу жұмыстары соңғы рет 2004 жылы жүргізілген екен.

«Қазір жоблау-сметалық құжаттамалары жасақталуда. Сараптамадан өткеннен кейін бюджеттік өтінім беретін боламыз» - деді аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Бекмулдин.

Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Азамат Сафималиев «Балаларды мектепке даярлайық» акциясы аясында балаларға мектеп сөмкелерін табыстап, артынан «Балбөбек» балабақшасы мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияның жай-күйімен танысты.

Кеш соңында Атқарушы хатшы Базаршолан ауылында мобильді қабылдау өткізіп, ауыл тұрғындары  жұмыссыздық, жол, мектеп ғимаратын күрделі жөндеу мен дәрігерлік амбулаторияның қазіргі жағдайы секілді мәселелерін көтерілді.

«Бүгінгі қабылдауда көтерілген мәселелердің барлығы маңызды. Оларды бақылауға алып, орындалуы жөнінде ауыл тұрғындарына ақпарат үнемі берілу қажет» - деді Азамат Сафималиев.

Мобильді қабылдауға Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ә.Қабенова, аудан әкімінің орынбасары Б.Абуов, аудандық білім бөлімінің басшысы Е.Бекмулдин және аудандық аурухананың директоры А.Жүнісбеков қатысты.