Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр.
"Асүйде қоштасу хатын қалдырған": 24 жастағы қыз асылып қалған жерінен табылды
6,307
оқылды

Түркістан облысында 24 жастағы қыз суицид жасамақ болған. Тәртіп сақшысы өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түнде павлодарлық жігіт Төле би АПБ-ға қоңырау шалып, Түркістан облысында тұратын танысы өз-өзіне зиян келтіргелі жатқанын және оны тез арада құтқару керегін хабарлаған.

Полиция қызметкерлері бірден қыздың тұрғылықты мекенжайын анықтап, сол жерге барған. 

Тәртіп сақшылары қыздың анасына қоңырау арқылы келгенін түсіндірген, алайда әйел қызының өз бөлмесінде ұйықтап жатқанын айтқан. Тәртіп сақшылары сенімді болу үшін үйді тексермек болған. Осылайша, олар қыздың бөлмесінде жоқ екенін және ол асүйде қоштасу хатын қалдырғанын анықтаған. Олар үйдің барлық жерін аралап, қызды таппаған. Тәртіп сақшыларының бірі үйдің төбесіне апаратын баспалдақты байқап, оған көтеріліп, сол сәтте арқанға ілулі тұрған қызды тапқан. Олардың бірі қызды көтеріп, екіншісі ілмекті кесіп тастаған.

Содан кейін полиция қызметкерлерінің бірі қызға алғашқы медициналық көмек көрсете бастады: олар қыздың жансызданған аяқ-қолын уқалап, жасанды тыныс беріп, жедел жәрдем шақырды. Полицейлер 24 жастағы қызды өлімнен құтқарып қалды. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Оқиғаның толық мән-жайы әлі де анықталып жатыр.

фото: zakon.kz