Қазақстан аумағының басым бөлігінде фронт әсерінен күн райы құбылмалы болады. Жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі.
Елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Тек оңтүстік аумақтарда жауын-шашынсыз күн райы болжанады. Республиканың солтүстігі мен солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі тұманды болады.
Күндіз Жетісу, Ұлытау, Алматы, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде 35-38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, орталығында, Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шөлді аудандарында өрт тұтану қаупі аса жоғары.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында от шығу қаупі жоғары, ал өңірдің батысында, шығысында, оңтүстігінде аптап ыстық болады.
Алматы, Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.