Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы да ұзартты.
«Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының биыл 16 тамыздағы мәліметінше, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ.-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Қамау мерзімі 2023 жылдың 21 қыркүйегіне дейін ұзартылды», – деп жазылған ресми мәліметте.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген Қаңтар оқиғасынан кейін тұтқындалды.
Фото: esquire.kz