24-26 тамыз күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай жарқылдап, дауыл соғып, жаңбыр, бұршақ жауады.
Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік пен шығыста нөсер жаңбыр жауады. Әсіресе, солтүстік өңірлерінде күн суытады.
Солтүстікте ауа температурасы түнде +7-12 градус болса, күндіз термометр бағаны +17-22 градусқа дейін төмендейді.
Оңтүстікте жауын-шашын жаумайды.
Фото: ru.pinterest.com