Күндіз Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды облыстарында 35-36°С дейін қатты ыстық күтіледі.
Еліміздің 3 облысында 36 градусқа дейін ыстық болады
1,671
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 24 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

ҚР басым бөлігінде Солтүстік циклон жырасымен мен атмосфералық фронтальды бөлімдерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен найзағай, дауылмен және желдің күшеюі болады, бұршақ жаууы мүмкін. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. ҚР солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Жетісу облысында, Алматы, Қарағанды облыстарында 35-36°С дейін қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі күтілуде.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында – жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау, Абай облыстарында, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігі, Ақмола облысының батысы, оңтүстігі, Қарағанды облысының оңтүстігі, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Коллаж: telegraf.com.ua