Ұшақта 10 адам болған
Ресейдің Тверь облысында құлаған ұшақтың ішінде Евгений Пригожин де болған
3,559
оқылды

Тверь облысында Embraer бизнес-джет ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 10 адамның бәрі қаза тапты. Бұл туралы Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Embraer ұшағы Шереметьеводан Санкт-Петербургке ұшып бара жатқан. Оның бортында 3 ұшқыш пен 7 жолаушы болған. Олардың барлығы қаза тапты", - деп хабарлады ТАСС агенттігіне дереккөз.

Сондай-ақ Федералды әуе көлігі агенттігінің апатқа қатысты тергеуді бастағанын хабарлады. Жолаушылар арасында "Вагнер" жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин бар екені белгілі болды.

 

"Бүгін түнде Тверь облысында орын алған Embraer ұшағының апатына қатысты тергеу басталды. Жолаушылар тізімінде олардың арасында Евгений Пригожиннің аты-жөні де бар", - деп хабарлады департамент.

Фото: ngs70.ru