Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, жоба 2024 жылдан бастап eGov.kz және еGov мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты Qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап хабарлайды.
17 жасқа толған азаматтың құжаттары, денсаулығы туралы мәліметтер Қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі. Бұл шешім әскери комиссариаттардың алдындағы ұзынсонар кезек пен қағазбастылықтан арылу мақсатында қабылданып отыр.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев: «Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын, колледж және мектеп, әкімдіктің уақытын үнемдеп отырмыз», – деді.
Бұған дейін Әскери борышын өтеген азаматтарға берілетін жеңілдіктер туралы жазған болатынбыз.