Қазақстанда 30 тамыз – Конституция күні.
Конституция күні қазақстандықтар қанша күн демалады?
26,422
оқылды

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес, Конституция күні мемлекеттік мереке болып саналады. 

Биыл 30 тамыз сәрсенбіге сәйкес келіп тұр. Конституция күнінің құрметіне қазақстандықтар 1 күн демалады. Яғни, сәрсенбі күні демалыс болады. Мерекеге орай концерт, мерекелік іс-шаралар өтеді. 

Еске сала кетейік, 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.