Шешім Ұлттық банктің жаңартылған болжам, деректерді талдау және инфляция тәуекелінің теңгерімін бағалау негізінде қабылданды.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті
1,425
оқылды

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Aikyn.kz Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Сыртқы ортада инфляциялық қысым біртіндеп әлсіреп келеді. Көптеген елде орталық банктердің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету саясаты нәтиже беріп, инфляция баяулай бастады. 

Алайда инфляцияның орнықты болып қалу себебінен мөлшерлемені төмендету мерзімі дамыған елдерде кейінге қалды. Әлемнің азық-түлік нарықтарында баға мен логистикалық шығындар төмендеп келеді.

Инфляциялық процестер үздіксіз баяулап келеді. Жылдық инфляция 2023 жылғы шілдеде 14%-ды болды. Бағалар өсімінде тауар бөлігінің қарқыны бәсеңдей бастады. 

Ортамерзімді перспективада Қазақстан экономикасының өсуі бойынша болжамдар жақсарды. Орнықты ішкі сұраныс, бюджет шығындарының өсуі және мұнай секторының қалпына келуі есебінен іскерлік белсенділік кеңейетін болады. Биыл ЖІӨ өсімі бұрынғыдай 4,2-5,2% деңгейінде күтілуде. 2024-2025 жылдары Қазақстанның ЖІӨ өсу болжамы 4-5%-ға дейін көтерілді. 

Ұлттық банк Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2023 жылғы 6 қазанда Астана қаласының уақытымен сағат 12.00-де жарияланады.

Фото: businessmir.kz