Полицияға хабарласқан зейнеткер үйіне тонаушылар түскенін айтып, көмекке шақырған
ШҚО-да 73 жастағы қарияның үйін тонап кеткен
564
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында 73 жастағы қарияны ұрып-соғып, скотчпен байлап, үйін тонап кеткен екі адам ұсталды.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Шемонаиха қаласында болған.

Полицияға хабарласқан зейнеткер үйіне тонаушылар түскенін айтып, көмекке шақырды.

«Белгілі болғандай, екі ер адам 73 жастағы қарияның үйіне баса-көктеп кіріп, аяғын скотчпен байлап, ұрып-соғып, 70 000 теңге ақшасын ұрлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстады. Олар 41 және 62 жастағы жергілікті тұрғындар болып шықты. Екеуі де бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған», - делінген ақпаратта.

Кінәсін мойындаған күдіктілер қылмысты алдын ала сөз байласып жасағанын айтқан.

Жәбірленуші егде жаста болғандықтан өздеріне қарсы тұра алмайтынына сенімді болған.

Тіпті алған ақшасын қанағат тұтпай, іштегі бағалы тұрмыстық техниканы алып шығу үшін қайта оралып келе жатыпты.

«Қазіргі уақытта екеуі сот санкциясымен қамауға алынды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191-бабы 3-бөлігіне (тонау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Енді ер адамдар бестен-он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.