Полиция басқармасы мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны
Ер адамның әдепсіз әрекеті видеоға түсіп қалған: күдікті анықталды
675
оқылды

Алматы полицейлері дүкендердің бірінде қызды кеудесінен ұстаған ер адамды анықтады. Ол басқа өңірдің тұрғыны екені белгілі болды.

"Бостандық аудандық Полиция басқармасы мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Атырау қаласының тұрғыны", - деп түсіндірді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

"ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материалды өндіру соттың қарауына және одан әрі шешім қабылдау үшін Атырау қаласындағы тұрғылықты жеріне жіберілді", - деп хабарлады Алматы полициясы.