Шымкентте балалар дәрігерлері 14 жастағы қыз баланың бауырынан 9 см болатын эхинококк құртын алып шықты.
Шымкенттік дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт алып шықты
782
оқылды

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жасөспірім 21 тамызда іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне әкелген. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған.

"Жедел түрде науқасқа ота жасалды. Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен, яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасынан   9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды”, - деп жазды Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан.

Аурухананың білікті балалар хирург-дәрігерлері Ержан Байдуллаев, Қайрат Ізбасов және Асанбай Курманалиев, Гүлжан Айдинованың қатысуымен ота сәтті өткені де нақтыланады.

"Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда", - делінген хабарламада.