Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 тамызда түнгі уақытта Криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталған. Күдікті облыстық Полиция департаментіне жеткізілді.
"Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазды Полиция департаментінен.