Петропавлда Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері жеңгетайлық фактісін анықтады, - деп хабарлады Halyq uni тілшісі.
Петропавлда жеңгетайлықпен айналысқан сауна әкімшісі ұсталды
2,276
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан  қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавлдағы сауналардың біріндегі әкімшіліктің жеңгетайлыққа қатысы бар болуы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түскен.

Аталған факті  Қылмыстық кодекстің 309-бабы 1-бөлігі («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде ҰҚҚ КБ жедел уәкілдері саунаның 48 жастағы әкімшісінің тарапынан болған жеңгетайлық фактісін анықтады. Ол мекеме клиенттеріне интимдік қызмет көрсетуге ақшалай сыйақы үшін жеңіл жүрісті қызды шақырған. Бойжеткен алған сыйақысының бір бөлігін шақырғаны үшін әкімшіге берген. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-нің 309-бабының санкциясына сәйкес жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау, сол сияқты пайдакүнемдiк мақсаттағы жеңгетайлық үшін мүлiкті тәркiлеу және бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, – деді СҚО ПД ҰҚҚ КБ бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.