Құтқарушылар 25 тамызда сағат 22:53-те Ертістен қаза тапқандардың денесін шығарып алған.
Павлодар маңында анасы мен балалары отырған көлік суға батып кетті
863
оқылды

Павлодар маңында анасы мен балалары отырған көлік суға батып кетті.

Қайғылы оқиға Павлодар ауылында болды. Әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі көліктен шығарылған. Павлодар облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар 25 тамызда сағат 22:53-те Ертістен қаза тапқандардың денесін шығарып алған.

"1980 жылы туған әйел мен оның 6 және 9 жастағы екі баласы қайтыс болды, олар кешкі сағат 21:40 шамасында жеңіл көлікпен өзенге түсіп, өздігінен шыға алмаған", – деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілі.