Тәжікстан тарапы ұйымдастырған жәрмеңкені түске дейін қос мемлекеттің басшылары тамашалаған еді. Алайда түс ауа осы маңға жиналған көпшілік жәрмеңкедегі жеміс-жидектен жасалған өрнектердің үстінен басып-жаншып, талан-таражға салған.
Оқырмандардың пікірі сан алуан. Бірі «ұят-ай», «халық рухани аш», «дым көрмеген» деп жазса, өзгесі «халық мәдениетті алып жатыр», «түймедейді түйедей етуді қойыңдаршы», «халық үшін жасалған нәрсе» деп, көпшіліктің бұл әрекетін жақтаған.