Полиция департаментінің мәліметінше, көпіршік кешінде кәмелетке толмаған баланы ток соққан.
Қостанайда көпіршік кешінде 9 жастағы қыз токқа түсіп қалды
808
оқылды

«Полиция бұл дерек бойынша соталды тергеуді бастады. 25 тамызда Ұзынкөл ауылында 9 жастағы қызды ток соққан. Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсетілді. Кәмелетке толмаған қыз аудандық ауруханаға жеткізілді», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.  

Соталды тергеу Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-тармағы (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) бойынша жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша тергеу шараларын жүргізіп, қажет сараптама тағайындаған.