Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.
Қарағанды облысында жол апатынан үш адам мерт болды
986
оқылды

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, – деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

27 тамыз күні кешкі сағат 18:30 шамасында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі, алдын ала болжам бойынша, көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100 автокөлігіне соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды.
Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді.
Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.