Ұры үй иесі демалысқа кеткенде сейфті ұрлаған. Polisia.kz-тің дерегінше, осы қылмысты жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстады.
«1989 жылы туған И. есімді ер адам терезеден бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Ұрлық болған кезде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Үй иесі – жеке кәсіпкер. Оның сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел тексеру нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленді», – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Бұған дейін ШҚО-да 73 жастағы қарияның үйін тонап кеткені туралы жазған болатынбыз.
Фото: polisia.kz