Шымкент көшелерінің бірінен ер адамның мәйіті табылды.
«25 тамызда сағат 17:00 шамасында Асқаров көшесінде 1975 жылы туған ер адам ес-түссіз жатқан күйде табылды. Дәрігерлер қанша тырысқанымен оны аман алып қала алмады», – деп жазады Оtyrar.kz.
Ер адам өлімнің нақты себебін анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сарапшыларға тапсырылды.
«Ер адам жүрек талмасынан қайтыс болды деген болжам бар», – делінген хабарламада.
Қазіргі кезде қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: Sputnik / Владислав Воднев