"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 29 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, жабысқақ қар) найзағаймен, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады деп күтілуде. Қазақстанның батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі.
Жамбыл, Қызылорда, Атырау облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысында, Шығыс Қазақстан облысында, Жетісу облысынының солтүстік-шығысында, орталығында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Қостанай облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: klike.net