Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған дейді.
Павлодарда алты жасар баланың артынан қуған жалаңаш бойжеткен аң секілді ұлыған
3,490
оқылды
Затон ықшамауданында болған оқыс оқиға жайлы алдымен әлеуметтік желіде жазба жарияланды.
"Кеше, 27 тамызда психотропты заттың әсерімен жалаңаш қыз менің алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар сақ болыңыздар", – деп Pavlodarnews.kz жазба авторының сөзін келтіреді.

Әйел адам баланың есеңгіреп қалғанын, сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды. 

Облыстық полиция департаментінде Павлодар қаласы полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде аталған факт тіркелгенін хабарлады.

"Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған фактіге қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", – делінген полиция хабарламасында.