Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА сайтына жарияланған
Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында кейбір пәндердің сағатын қысқартады
7,076
оқылды

Оқу-ағарту министрлігі мектептердің 34 апталық оқу жылына қайта оралуына байланысты типтік оқу бағдарламаларына өзгерістер дайындады.

Еске сала кетсек, 25 тамызда Тамыз кеңесінде вице-премьер Тамара Дүйсенова Оқу-ағарту министрлігінің асығыс шешім қабылдағанын айтқан еді. Ол 34 апталық оқу жылына оралып, оны 25 мамырда аяқтауды ұсынды.

Барлық пән бойынша оқу сағаттарын қысқарту туралы бұйрықтың жобасы ашық НҚА сайтына жарияланған. Нәтижесінде 1-сынып оқушыларына арналған оқу сағаттары 114-тен 102 сағатқа дейін азайды.

«1-4 сыныптар үшін еңбекке баулу бұрын бекітілген 35 сағаттың орнына жылына 33 сағат болады. 7-9 сынып оқушыларына арналған алгебра 108 сағаттың орнына 102 сағат, геометрия 72 сағаттың орнына 68 сағат, химия мен география да жылына 68 сағат болады. 5-9 сыныптар үшін информатика 36 сағаттың орнына 34 сағат болып, Қазақстан тарихына 72 сағаттың орнына 68 сағат бөлінеді. 5-9 сыныптар үшін дене шынықтыруға 108 емес, 102 сағат беріледі», - делінген түсіндірме жазбада.

Бұған дейін 36 апталық оқу жылына көшудің қажетті қосымша дайындықты талап ететіні ескерілмеген еді. Енді 2023-2024 оқу жылы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 2024 жылдың 25 мамырына дейін ғана жалғасады.