Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі шарт ұйымының оқу-жаттығуына қатысу үшін Қарулы Күштердің 11 сарбазы Беларуське кеткенін айтты.
Министр БАҚ өкілінің «Беларуське техникалар жіберілген» деген ақпаратын жоққа шығарды.
«Интернет кеңістігінде тараған Қазақстан бронды техникаларды жіберді деген ақпарат - жалған. Бүгінде барлық техника тұрақты орналастыру пункттерінде орналасқан. Нақты 11 адамнан тұратын топ жіберілді. Әрине, бұл органның жұмысы», – деді ведомство басшысы.
Оның айтуынша, бұл шара алдын ала жоспарланған.
«Бұл жерде Украина локациясының қатысы қанша? Беларусь бейбіт мемлекет әрі ҰҚШҰ мүшесі. Тиісінше, оқу-жаттығудың өтетіні жайлы шешім алдын ала хабарланады. Қандай да бір қауіп жоқ», – дейді Жақсылықов.