39 жастағы келіншек аудандық ауруханаға айы-күні жетіп, толғатып барған.
Ақтөбе облысындағы перзентханада жүкті келіншек қайтыс болды
1,319
оқылды

Ақтөбе облысы Шалқар ауданындағы перзентханада ана мен сәби өлімі тіркелді, – деп хабарлайды nur.kz.

Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыровтың сөзінше, қайғылы оқиға 22 тамыз күні болған. 39 жастағы келіншек аудандық ауруханаға айы-күні жетіп, толғатып барған. Қазіргі уақытта толғақ үстінде қайтыс болған келіншектің өліміне қатысты тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.

“Бұл оқиға Шалқардағы перзентханада болды. Облысқа жіберетін жағдай емес, ауданның өзінде де перзентханамыз бар. 1984 жылы туған келіншек жүктілік кезінде тіркелген, айы-күні жетіп тұр. Толғақпен ауруханаға түсті. Босану кезінде қайтты. Осыған қатысты тексеру жүріп жатыр. Комиссия қорытындысынан кейін ғана ақпаратты толық бере аламыз”, – деді Шалқар аудандық ауруханасының бас дәрігері Жангелді Былқайыров.

Бас дәрігердің айтуынша, бұл марқұм келіншектің бірінші рет босануы емес. Осыған дейін бір қызы болған. Ана мен бала өліміне қатысты комиссия қорытындысы қосымша хабарланады.

Фото:pixabay.com