Ол ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан.
Алматыда дүкен ішінде бейтаныс әйелдің кеудесінен ұстаған ер адам қамауға алынды
1,174
оқылды

Алматыда дүкен ішінде әйел адамның кеудесін ұстаған ер адамды полиция 5 тәулікке қамауға алды,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

18 тамыз күні қаладағы супермаркеттердің бірінде әйел адамның кеудесіне қолын салған ер адам Атырау қаласынан табылып, ұсталды.

«1988 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны өз кінәсін толықтай мойындап, ондай әрекетке алкогольдік мас күйде болған кезде барғанын айтқан. Құқықбұзушылық әрекеті үшін күдікті ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабымен, яғни ұсақ бұзақылық дерегі бойынша 5 тәулік әкімшілік қамауға алынды», – делінген хабарламада.