Бүгін бүкіл еліміз Конституция күнін атап өтіп жатыр.
Ерлан Қарин: Халықтың елді басқару ісіне араласу мүмкіндігі артты
735
оқылды

Бір жыл бұрын мемлекет пен қоғамның сындарлы диалогының арқасында Ата заңға өте маңызды өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram арнасында жазды. 

Енді біздің Конституциямызды әділет идеясын басшылыққа алған жаңа қоғамдық келісімнің құқықтық құжаты деуге толық негіз бар. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент қызметіне кіріскен алғашқы күннен бастап әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды басты бағдар етіп ұстады. Жаңарған Конституция аталған саясаттың жүзеге асып жатқанының айқын белгісі. 

Былтырғы Конституциялық реформаның нәтижесінде билік тармақтары арасында оңтайлы баланс қалыптасты. 

Халықтың елді басқару ісіне араласу мүмкіндігі артты. 

Азаматтардың құқығын қорғау тетіктері күшейтілді. 

Солайша, билік пен қоғам жаңа реформалардың авторларына айналды.