Өрт сағат 01:15-те ауыздықталып, 01:22-де сөндірілді.
Астанада аулада тұрған мопед өртеніп, жалын тұрғын үйдің балкондарын да шарпыды
570
оқылды
Электр мопедінен шыққан өрт Астанадағы көпқабатты үйдің бірінші және екінші қабаттарында орналасқан пәтерлердің балкондарына өткен.

Астананың Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Әзірбаев көшесінде мопед өртенген.

"Сағат 01:00-де Алматы ауданы, Кеңес Әзірбаев көшесі, 6 үйде жалпы алаңы 20 шаршы метр болатын 1-2 қабатты балкондардың пластикалық конструкцияларына өтті", – деп хабарлады Астана Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Көпқабатты үйден 20 адам эвакуацияланды, оның жетеуі – бала, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Өрт сағат 01:15-те ауыздықталып, 01:22-де сөндірілді. Оқиға орнында 10 адам мен екі техника жұмыс істеді.