Атырау облысында жол апатынан бір адам мерт болып, алтауы ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті.
Департамент мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 1 қыркүйекте болған.
«Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 48-шақырымы тұсында Toyotа Camry мен Lada Priora автокөлігі соқтығысты. Жол апатының салдарынан Lada Priora автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында мерт болды. Ал, Тoyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Lada Priora көлігінің бір жолаушысы Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.