Мәжілісте жаңа дәстүр қалыптасты.
Халықтың тұрмысы депутаттардың жіті бақылауында
759
оқылды

Премьер-Министр алғаш рет «АМАNАТ» фракциясының депутаттарын Мемлекет басшысының өткен жылдардағы Жолдауларының орындалу барысы туралы хабардар етті.

Көптеген жақсы нәтижелер айтылды. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Үкімет жұмыс істеп, әлеуметтік мәселелер шешілуде.

Бала күтіміне бөлінетін төлемдер 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы көбейтілді.

Бүгіннен бастап жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтамасыз етіледі.

380 мыңнан астам студенттің шәкіртақысы өседі. 2020 жылдан бастап жыл сайын студенттерге арналған жатақханаларда 10 мың орын пайдалануға беріледі

Биыл мұғалімдердің жалақысы 25%-ға, дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орташа медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны өткен жылы 27 пайызға ұлғайды.

Әрине, әлі де атқаратын жұмыс көп. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, су проблемаларын шешу, отандық өнімдерді өндіруді арттыру үшін елеулі шаралар қажет. Бұл уақыт пен маңызды ресурстарды қажет етеді.

М.ТҰРЫСБЕКОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты