Белгілі болғандай, оқиға 30 тамыз күні болған. Жолаушылар жағдайды видеоға түсіріп те үлгерген. Онда қорыққан жолаушылардың жүргізушіден көлікті тоқтатуын сұрағанын көруге болады. Жүргізуші аялдамаға дейін тоқтай алмаған. Жолаушылардың бірі ер адамнан пышақты тартып алуға ұмтылған. Алайда одан нәтиже болмаған.
Автобус тоқтаған сәтте қолына суық қару ұстаған адам түсіп, көліктің дөңгелегін жаруға тырысқан. Алматы полицейлері күдіктінің кім екенін анықтаған. Бүгінде ол қаладағы психологиялық орталықта тіркеуде тұрғаны белгілі болды.