Атырау облысында жол апаты болды.
Атырауда полицейді тыңдамаған екі адам қаза тапты
4,207
оқылды

Toyota маркалы көлік аударылып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында қаза тапты. 

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше болған.

Атырау-Индер тасжолының 18-шақырымында Toyota автокөлігі аударылды. Жол апатына 1998 жылғы жүргізушінің көліктің руліне ие бола алмағаны себеп болған. Оқиға орнында жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы қайтыс болды. 

Полиция қызметкерлері жол жиегіне аударылған автокөліктің жүргізушісіне аталған тасжолдың 17-шақырымында ескерту жасағаны белгілі болды.