Мемлекет басшысы халыққа арнаған кезекті Жолдауын жариялады.
Президент ел экономикасын өркендетудің жаңа моделін ұсынды – Дархан Қыдырәлі
2,670
оқылды

"Парламент сессиясының ашылуында ел дамуының бағыт-бағдары бағамдалып, жаңа міндеттер жүктелді. Маңызды құжатта ел экономикасын өркендетудің жаңа моделі ұсынылды.

Мемлекет басшысы әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік жаңа экономикалық бағдарымыздың өзегіне айналғанын ерекше атап өтті. Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланудың да маңызы сөз болды.

Жастарға қолдау көрсету, креативті индустрияны дамыту – өте өзекті мәселелердің бірі. Мемлекет басшысы бұл саланы өңірлерде де дамытуды тапсырды.

Сонымен қатар Президент кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейту керектігін тілге тиек етті. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастыру, зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу – өте қажетті шешімдердің бірі.

Хәкім Абайдың «Толық адам» ілімінен бастау алатын «Адал азамат» тұжырымдамасы – әділетті мемлекет пен біртұтас қоғамның берік негізі.

Сондықтан Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан және Адал азамат ұғымдарын егіз құндылық ретінде атап өтуінің өзіндік мәні зор деп ойлаймын" – деді ҚР ҰҒА академигі Дархан Қыдырәлі.