Қызылқоға ауданына қарасты Тасшағыл ауылдық округі аумағынан көктемгі су тасқынынан бөлінген екі жайылма учаскеден екі миллион жеті жүз мыңдай мөңке балық шабақтары құтқарылды.
Атырау облысында үш  миллионға жуық шабақ құтқарылды
1,627
оқылды

Қызылқоға ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарылған балықтар Арал және Бәйтік көлдеріне жіберілген.

Аталған көлдердің орташа тереңдігі 2,5-3 метр шамасында және жіберілген шабақтардың емін-еркін өсіп-өнуіне қолайлы. Сонымен қатар, құтқарылған шабақтармен қатар, бөлініп қалған су айдынының тереңдігі аз болуы және судағы оттегі мөлшерінің күрт азаю салдарынан 1,7 кг өлі мөңке балығының шабақтары табылып, жойылды.

"Құтқару жұмыстарына МТЗ-82 тракторы тіркемесімен, жылжымалы су тасығыш бөшкелі тіркеме, Hidromek тракторы, Газель автокөлігі, тартылып, 6 контейнер, 3 бөшке, 1 мотопомпа пайдаланылды. Аталған жұмыстарға жауапты тұлғалармен қатар, ерікті ауыл тұрғындары қатысты. Қазіргі таңда, бөлініп қалған екі жайылма толықтай тазартылды", – деді Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғали.

Баян Жанұзақова