Бұл туралы ШҚО экс-әкімі, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов мәлімдеді.
Астана әкімі тағы бір қызметке сайланды
1,417
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалалық жеңіл атлетика федерациясының президенті болып сайланды. 

 

Бұл туралы ШҚО экс-әкімі, Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов мәлім етті.

«Бүгін Астана қаласы жеңіл атлетика федерациясының кезекті сайланбалы конференциясы өтті. Конференция мүшелерінің шешімімен Қасымбек Жеңіс Махмұдұлы федерация президенті болып сайланды. Жиын барысында қалымыздағы жеңіл атлетиканы дамыту, сондай-ақ жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру, спортшылардың деңгейін көтеру сияқты маңызды міндеттер талқыланды», – деді  Даниал Ахметов.

Жиынға Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті Даниал Ахметов және қалалық жеңіл атлетика федерациясының мүшелері қатысты.

Фото: tengrinews.kz