Әлеуметтік желіде Ләззат Мырзаш деген келіншектің Омар Жәлел туралы айтқан видеосы тарады.
«Жүкті келіншегін массажист әйелге алмастырды»: Омар Жәлелдің екінші әйелі бар шындықты айтты (ВИДЕО)
4,897
оқылды

Әлеуметтік желіде Ләззат Мырзаш деген келіншектің Омар Жәлел туралы айтқан видеосы тарады. Ол өзін абайтанушы, филолог Омар Жәлелдің екінші әйелі ретінде таныстырады.

Stan.kz жазуынша, Ләззат Мырзаш Омар Жәлелмен 5 жыл отасып, не себепті ажырасып кеткенін айтқан. Ол TikTok желісіндегі танымал тренд арқылы бұрынғы күйеуін таныстырды.

Бес жыл отбасы болып, үш баланың ата-анасы атанып, не үшін ажырасып кеттіңдер десе, айт: “Түркияда оқып жүрген жеріне арнайы барып, сырға-сақина тағып, кіші жарым, болашақ балаларымның анасы бол деп ұсыныс жасадым. Бақытты ғұмыр кешуге уәде еттім. Үлкен, абыройлы, ордалы отбасы боламыз, осынша баламыз болады, болашақ балаларымның аттарына дейін қойып қойғанмын де. Орта жолда кішкентай балалармен тастап кеттім, берген уәдемнің бірін де орындамадым. Ниетіміз қанша жақсы болса да, ортамызға түскен адамдар аз болмады. Бәрі күшті болмады. Қатынның үстіне қатын ала бердім дерсің. Не істесем де, кешіре берді, көне берді, қабылдай берді. Тұңғыш қызымыз туғанда Түркияға тастап кеттім. Кейін ұлыма аяғы ауыр болғанда қайта қосылдық де. 5, 6, 8 айға дейін балалармен тастап кете беретінмін. ЕкеумізТүркияда бірге оқыдық. Екі баланы екі жақтап тербетіп отырып, екі кітап жаздық дерсің. Отбасымызбен көп қыдыратын едік, бақытты сәттеріміз көп болатын. Елбілгенің шашын тарап, өріп, мектепке өзім апарамын деп айтатынмын. Балалармен бірге бақытты болу мүмкін емес еді. Себебі бірінші әйелім қатты қызғанатын. Қайта-қайта хабарласып мазамды алатын, масқараңды шығарамын деп қорқытатын. Бір күні бәрінен, балалардың боқ-сідігінен шаршадым, қолымды бір сілтедім. Енді әйел алмаймын, елге қызмет етеміз, балаларды бірге өсіреміз деген уәдемнен айнып кеттім. 8 ай айырылысып, қайта қосылып жүргенде әйелім үшінші балаға жүкті болып қалды. Бірақ оған да қараған жоқпын деп айт. 8 айдан кейін ұлым мен қызым танымай қалды. Сонда да отбасын сақтап қалайық деп, Түркияда тұрып жатқан ақсақалды шақыртып, батасын алдық. Үлкендердің батасы қабыл болмады. 54 жасымда аңсап, сүйген қызымды массажист әйелге айырбастадым. Отбасым қирады, есесіне массажист, бай, Қытайдан келген қатын тауып алдым дерсің. Үшінші балама аяғы ауыр келіншегімді үш баламен проблемасы жоқ, жағдайы жақсы, массаж жасайтын әйелге айырбастап кеттім. 6 айдан бері олардың қалай күн көріп жатқанында шаруам жоқ. Бірақ сұхбат бергенде еш ұялмастан: “Балаларыма көмектесіп тұрамын” деп айтамын. Балаларыма алимент төлемеймін, енді оларды керек қылмаймын. Тіпті,  аяғы ауыр әйелімді барлық жерде бұғаттап тастағанмын де, – деп басынан өткен жағдайды баяндады.

Өзін кәсіби психологпін деп таныстырған Ләззат Мырзаш “күйеуіңнің айыбын аштың, масқараладың” деп айыптағандарға да жауап берді.

Әйелдер түсінеді деп ойлаймын. Мен есек сияқты 3-4 жерде жұмыс істеймін, ақша табамын. Екі балама жүкті бола тұра 3-қабатқа азық-түлік тасимын. Сонша жұмыс істеп, балаларымды асырап жатқан кезде “Менің осынша қатыным бар, мен оларды асырап жатырмын” деп сұхбат береді. Мен сол сөздері үшін қатты ашуландым. Әйтпесе мен бұл тақырыпты жауып тастағанмын, алда өз жоспарларым бар. Ол боди массажын жасатып жүре берсін. Массажист 50-ге келіп қалған әйел, бірінші әйелі де үлкен кісі. Сондықтан оның қанша қатын алатынында, не істейтінінде менің шаруам жоқ. Оларға мен тек бақыт тілеймін. Тек бізді аузына алмай-ақ қойсын. Менің видео салудағы мақсатым осы, – дейді Ләззат Мырзаш.

Фото: instagram.com/umai_kimeshek