Алматыда полиция қызметкерлері арнайы операция жүргізіп, қылмыстық топтан кокаин тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Алматы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен ұзақ уақыт кокаин сатқан қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.
Жедел шаралар барысында күдіктілердің қылмысы анықталып, олардың ауыр қылмыстарға қатысы барына айғақтар табылған. Топ мүшелерін тінту кезінде кокаин тәркіленген.
Полицияға барлығы 5 адам жеткізілген, оның екеуі қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу басталды.
"Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді", – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.