Оқиға Алматы қаласында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің баласының бесік арбасын өртеп жіберген күдікті ұсталды
890
оқылды

Алматыда полицейлер Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің үйінің кіреберісінде тұрған баласының бесік арбасын өртеп жіберген күдіктіні ұстады. 

Бақытжан Базарбек Facebook-тағы парақшасында күдіктінің ұсталғаны туралы жазды.  

«Шабуылдаушының жеке басы анықталды, ол ұсталды», – деп жазды депутат. 

Алайда ол күдікті қалай ұсталғаны туралы егжей-тегжейлі мәлімет айтпады.

Айта кетейік, заңгер Бақытжан Базарбек бұған дейін Алматыда Қыздар университетінің жерін сатып жіберген адамдар туралы айтқан еді.

Фото: press.kz