Ризабек Айтмұхан теңбе-тең белдесіп, соңғы сәтте қарсыласынан басым түсті.
Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңісімен құттықтады
1,388
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионы Ризабек Айтмұқанды жеңіске жетуімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

– Еркін күрес шебері Ризабек Айтмұқанды Белградта өткен күрес түрлерінен әлем чемпионатында алтын медаль иеленуімен құттықтаймын! Ол қазақ балуандары арасында тұңғыш рет әлем  чемпионы атанды. Бұл – тарихи жетістік. Ризабек Айтмұқанның жарқын жеңісі жас буынның спортқа құлшынысын арттырады деп сенемін, – деді Президент.

Кеше Сербия астанасы Белград қаласында күрестен әлем чемпионатында қазақ балуаны Ризабек Айтмұхан  финалда Осман Нурмагомедовты жеңіп, алтын медаль иеленді.