Виртуалды дауыстық көмекшілер адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Ол үй құрылғыларын басқарады, еске салу функцияларын орындайды, телефон соғады, музыка қойып береді, аудио кітаптар оқиды. Енді оның дауысы табиғи шығатын болды.
Бұл дауыс әлемді өзгертеді: Alexa табиғи сөйлейді
1,690
оқылды

TechCrunch сайтында Amazon-ның дауыстық көмекшісі Alexa табиғи дауысқа ие болғаны туралы мақала жарияланды. Енді виртуалды көмекшінің дауысы табиғи болып шығады. 

Aikyn.kz дауыстық көмекші адамға қандай кеңестер беретінін TechCrunch мақаласына сілтеме жасай отырып түсіндіреді. 

Фото Unsplash банкінен алынды. Авторы: Brandon Romanchuk 

Amazon компаниясының Alexa дауыстық көмекшісі адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Мұның себебін түсіну оңай.

Alexa смарт үй құрылғыларын басқарады, еске салу функцияларын орындайды, қолданушының тапсырмасы бойынша басқаларға телефон соғады, музыка қойып береді, аудио кітаптар оқиды. Осының бәрін виртуалды көмекші қолданушының дауыстық командасы арқылы орындайды.

Amazon компаниясы жаңартылған сөйлеу алгоритмін іске қосып, виртуалды көмекшінің дауыс ырғағын, эмоциялық бояуын күшейтті. Бұдан былай Alexa пайдаланушының қойған сұрағы мен берген тапсырмасына қатысты оның дауыс ырғағын талдау арқылы эмоциясын да біліп, сондай көңіл күймен жауап беретін болады. 

Alexa дауыстық көмекшісінің мүмкіндіктері туралы мына видеодан көруге болады: 

 

Кеше компания Alexa-ның эмоцияға қаныққан жаңа дауысты естіртті. Дауыстық көмекші бірнеше тілдерді меңгерген және сол тілдердегі акценттерге де үйретілген.

Мысалы, егер тұтынушы өзінің сүйікті спорт командасы туралы жаңалықты сұраса және сол команда соңғы ойында жеңімпаз болса, Alexa көңілді дауыспен жауап береді. Команданың жеңіліп қалғаны туралы жанашырлық танытып, дауысы төмендейді. 

«Біз жаңа модельмен жұмыс істеп жатырмыз. Алдымен тұтынушының аудио сұрауы мәтінге түрлендіріледі, содан кейін мәтіндік жауап дайындалады. Бұдан кейін мәтінді дыбысқа түрлендіру үшін жаңа модель осы тапсырмаларды біріктіріп, әлдеқайда эмоционалды байланыс жасайды», – дейді Alexa-ның аға вице-президенті Рохит Прасад.

Фото guiahardware.es сайтынан алынды

Жаңа модель бойынша жұмыс істейтін Alexa күледі, таңдана алады, тіпті пайдаланушыларды әңгімені жалғастыруға жетелейтін табиғи «ия, ия» деп қолдау көрсете алады.

Жаңа мүмкіндіктер Amazon Large Text-to-Speech (LTTS) және Speech-to-Speech (S2S) технологияларына негізделген.

Біріншісі Alexa-ға өз жауабын қолданушының сұрауы немесе талқыланатын тақырыбына сай бейімдеуге мүмкіндік береді, ал екіншісі мәтінге қосымша аудио кірісті қабаттастырып, Alexa-ға өз жауабын интерактивті түрде түрлендіруге көмектеседі.