Төрт адам №7 қалалық ауруханаға жеткізілді. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бір адам ауруханаға жатқызылды. Қалғаны амбулаториялық ем алады.
«Бір адам №7 клиникалық ауруханадағы № 2 нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Оған жабық ми жарақаты, жеңіл дәрежедегі ми жарақаты, бастың көгерген жарасы, сондай-ақ, оң тізесінде жарақат бар. Өзге адамдар амбулаториялық ем алуға жіберілді», – деді басқарма өкілі.
Бұған дейін Алматыда ірі жол апаты болғанын хабарлаған болатынбыз.
Фото: inbusiness.kz