Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
БҚО-да ірі жол апаты болып, 4 адам көз жұмды
675
оқылды

Қайғылы оқиға 22 қыркүйекте сағат 12.00 шамасында Орал-Кирсанова жолында, Спартак ауылынан алыс емес жерде болған. ВАЗ-21012 мен Lada Granta бетпе-бет соқтығысқан.

БҚО ПД баспасөз қызметі жол апаты салдарынан Lada Granta көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапқанын хабарлады. Тағы бір жәбірленуші ауруханаға жатқызылған.

Батыс Қазақстан ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, қаза болғандардың денесін құтқарушылар арнайы құралдар көмегімен шығарған. Оқиға орнында департаменттің жеті қызметкері жұмыс істеді.

Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.