«Іздестіру» операциясының екі күнінде іздеуде жүрген 283 қылмыскер ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ республика аумағында ТМД елдерімен бірлескен «Іздестіру» операциясын жүргізді. Оның нәтижесінде, 283 қылмыскер ұсталды.
Соның ішінде кісі өлтіргені үшін — 8, денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін — 9, қарақшылық шабуылдар үшін — 3 және тонау жасағаны үшін — 5, олардың ішінде: республикадан тыс жерлерде — 20 (Ресейде — 10, Қырғызстанда — 4, Өзбекстанда — 3, Арменияда — 2, Молдова мен Түрікменстанда — 1); Достастық елдерінде — 134 (Ресейде — 78, Өзбекстан — 31 және Қырғызстанда — 18, Тәжікстанда — 2, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Молдова және Түрікменстанда — 1).
Сонымен қатар хабар-ошарсыз кеткен 62 адам, оның ішінде 8 кәмелетке толмаған бала анықталды.
Мәселен, Астана қаласында қаланың криминалдық полиция қызметкерлері Өзбекстан ІІМ жедел-іздестіру тобымен бірлесіп, 2019 жылғы қаңтарда Наманган облысында адамдар тобында балтамен қасақана кісі өлтіргені үшін іздеуде жүрген 29 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.