Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Талғат Қойбақов қызметінен босатылды
916
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Мамыртайұлы Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Генерал-майор Талғат Қойбақов 1963 жылы 2 қазанда Жамбыл облысында туған. 

1985 жылы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген; ҚР Қарулы Күштерінің Әскери академиясын және  РФ ҚК БШ Әскери академиясын үздік бітірген. 

Офицерлік қызметін Оңтүстік әскер тобында взвод командирі болып бастады.

1989-1992 жылдары – Түркістан әскери округінің взвод командирі;

1992-2000 жылдары Республикалық ұланда түрлі офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды;

2000-2001 жылдары – мотоатқыштар дивизиясы командирінің орынбасары;

2001-2002 жылдары жеке гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасының командирі;

2002-2005 жылдары – мотоатқыштар дивизиясының командирі;

2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті жауынгерлік даярлық басқармасы бастығының орынбасары;

2006-2007 жылдары – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – "Астана" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасы штабының бастығы»;

2007 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін-өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасы штабының бастығы»;

2007-2009 жылдары – өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасы штабының бастығы»;

2009-2011 жылдары – РФ ҚК БШ әскери академиясының тыңдаушысы;

2011-2012 жылдары – ҚР ҚМ КНШ жауынгерлік даярлық және әскерлер қызметі департаментінің бастығы. 

2012-2016 жылдары – "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы.

2016-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының (жауынгерлік даярлық бойынша) орынбасары – ҚР ҚК ӘҚ Бас қолбасшысы басқармасының жауынгерлік даярлық бас басқармасының бастығы.

2017 жылдан 2020 жылға дейін – ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы.

2020 жылдың қарашасынан ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметін атқарды.

 

 

Фото: baq.kz