Балқашта полицейлер 5 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған қызды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Полицейлер шатырдан секірмек болған қызды құтқарды
713
оқылды

Polisia.kz-тің мәліметінше, 23 қыркүйек күні сағат 18.00 шамасында Балқаш қалалық полиция бөліміне көпқабатты үйдің 5-қабатынан секірмек болып тұрған қыз туралы хабарлаған. 

«Әріптесім Таңат Берікұлымен оқиға орнына келгенімізде ақпараттың рас екеніне көз жетті. 5-қабатта қыз бала айқайлап отырды. Бізге жедел шешім қабылдап, әрекет істеу керек болды. Таңат екеуіміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік. Қыз бала бізді көрген жоқ. Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып кеттік. Осыдан кейін оны оқиға орнына келген жедел тергеу тобына тапсырдық», – деді Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев.  

Қызға дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.