«Қазгидромет» мамандары Қазақстанда 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
26-28 қыркүйекте ауа райы қандай болады?
10,212
оқылды

Болжам бойынша, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, жел соғады.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.

Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін суық сақталады.

Фото: adonius.club