Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді.
Оқушы сатыдан құлады: Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды
1,661
оқылды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді, нұсқауларды орындайды. Когнетивті функциясы сақталған. Қарашығы бірдей, фотореакция сақталған. Комаға түскен жоқ. Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы бойынша тексеру жүріп жатыр», – деп жазды Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Астана қаласындағы №14 мектеп-гимназияның оқушысы екінші қабатқа көтеріліп бара жатып, баспалдақтан құлап кеткен болатын. 

Бүгін қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы баланың жағдайын айтып, мектепке жедел жәрдем бригадасы неліктен жарты сағатқа жуық жүріп барғанын түсіндірді.