Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 40 жастағы көпбалалы ана 11-ші сәбиін дүниеге әкелді.
Осымен 13 құрсақ көтерген Айнагүл Омарбекқызы перинаталды орталықта табиғи жолмен, отасыз босанған. Осылай деген дәрігерлер қазір ана мен баланың жағдайы жақсы екенін жеткізді.
Айнагүлді қазір үйінде 5 ұлы мен 5 қызы күтіп отыр. Тұңғышы – 21 жаста.
Ал жолдасы – Нұрлы ауданының бас имамы. 11 балалы отбасы кенжесін Мұстафа деп атады.
фото: stan.kz