Қарабалық ауданының прокуратурасы талдау барысында медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған екі адамның көлік жүргізгенін анықтады.
Азамат М.А.М. жүргізуші куәлігін алғаннан кейін созылмалы психикалық дертке шалдыққан. Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес, біреуіне көлікті басқаруға болмайды.
Осыған ұқсас тағы бір факті анықталды. Ф.Ю.В. жүйке ауруына шалдыққан.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа екі адамның көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы талап-арыз берді.
Сот тәртібімен көлік жүргізуге тыйым салынды.
Бұған дейін 25 баланы жеңіл көлікпен балабақшаға тасымалдаған тәрбиеші туралы жазған болатынбыз.